«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЕК: 162 ОТБАСЫНЫҢ 825 АДАМЫНАН ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Мансап орталығының мамандары мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың үйіне барып, үшінші квартал бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Орталық мамандарының айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, атаулыәлеуметтік көмекалуға162 отбасының 825 адамынан өтініш түскен. Осы уақытқа дейін орталыққа өтініш түсіргендердің ішінде 113 отбасы шартты ақшалай көмек алса, 46- сы шартсыз ақшалай көмек алған.

Біз осы жылдың үш тоқсаны бойынша мониторинг жұмысын аяқтадық. Атаулы көмек алатын отбасылардың үйлеріне барып, қажетті жұмыстар жүргізілді. Бүгінде кедейлік шегінің деңгейі өсті. Айталық, осы жылдың 3 тоқсанында кедейлік шегі 31 442 теңге болса, 4 тоқсанда 35 051 теңгені құрады. Алдағы уақытта 4 тоқсан бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіледі , — деді мансап орталығының сектор меңгерушісі Венера Урымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындауға өтініш қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы жүзеге асырылады. Ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округі әкіміне жүгіну қажет.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАР: 5500 БАЛАНЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ

admin_mugalzhar

Психоэмоционалды болсаңыз, әскерге шақырылмайсыз

admin_mugalzhar

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar