«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛА АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ҰСТАЗ

«АҚЫРЫН ЖҮРІП АНЫҚ БАС, ЕҢБЕГІҢ КЕТПЕС ДАЛАҒА. ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА». ИӘ, БҰЛ ХӘКІМ АБАЙДЫҢ ЖЫР ШУМАҒЫНАН ҮЗІНДІ. ОСЫ БІР ӨЛЕҢ ЖОЛЫНЫҢ ҮДЕСІНЕН ШЫҒЫП ЖҮРГЕН ЖАННЫҢ БІРІ – РОЗА ИМАҒАНБЕТОВА. ОЛ БҮГІНДЕ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚСА ДА ЖҰРЫН АУЫЛЫНДАҒЫ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ҰСТАЗДЫҚ ЕТУДЕ.

Өзінің болашақ мамандығының мұғалім болатынын кішкентай Розаның жүрегі сезген болса керек, сабақтан оралған бетте бауырларын отырғызып қойып, қолдарынақаламменпарақұстатып, сабақ өткізіп, ұстаздық ететін болыпты. Әсіресе, Күлпаршын Шайханова есімді апайына еліктеп, соның жүріс-тұрысын қайталып, киімкиісіне қызығып, өз-өзін ұстағанына қарап, «Мен де мұғалім болсам ғой» деп армандап, алдына үлкен мақсат қояды. Қиялын қияға қақтырған бала арманы алдамай, оны «ұлағатты ұстаз» атты дара жолға салды.

Мен қарапайым отбасында дүниеге келдім. Ата-анам өте еңбекқор болды. Бізді барынша адал еңбекке, білімді болуға үйретіп, дұрыс бағыт-бағдар берді. Әкем кітаптарды көп оқитын. Сол әрекеті біздің кітапқа деген қызығушылығымызды оятып, білімге құштар етті. Ауылда кітап дүкені болатын. Әкемайлық алған күні сол дүкеннен белді-белді ақын-жазушылардың кітаптарын сатып әкеліп, оқитын. Оқып болған соң, шкафқа әдемі етіп жинап қоятын. Ал мен болсам, әкем оқыған кітаптың барлығын оқып шығатынмын. Сол оқыған кітаптарым үлкен өмірге қадам басқан сәтімде көп көмегін тигізді. Біз әкемнің жұмыс бабына байланысты Ембіден Жұрын ауылына қоныс аудардық. Мен бүгінде өзім қызмет атқаратын осы мектепте 4-сыныптан бастап оқыдым, — деді Роза Мұсағалиқызы.

Әңгімесін оқушы кезінен бастаған кейіпкеріміз өз ұстаздарын да еске алуды ұмытпады. Ол кездегі мұғалімдердің білімділігіне, көрегенділігіне, жанарашылығына, ұстаздық қабілетіне тәнті болып, үлгі тұтқанын тілге тиек етті.

Класс жетекшіміз Любовь Кроль, тарихтан Әбдіжамал Ашарбеков, алгебра-геометриядан Қалдаш Досанов, географиядан Күлпаршын Шайханова, неміс тілінен Халима Тухватулина, орыс тілінен Зағипа Букенбаева есімді апай-ағайлар берді. Сол кезде ауылға жас маман болып келгенРаяБалмағанбетова, Мансия Ержанова, Сара Адиловалардан білім алдым. Олардың барлығы да өте керемет ұстаздар еді. Мен оқушы болып жүрген кездегі жас апайларыммен кейін қызметтес болдым, — деді ол.

Роза Мұсағалиқызы мектепті бітіргеннен кейін 1980 жылы Ақтөбе педагогикалык институтына филология факультетіне оқуға түсіп, 1985 жылы оқуын аяқтайды. Бір қызығы, ол кезде диплом қазіргідей қолға берілмейді екен. Жолдама арқылы Октябрь ауданына келген жас маманға дипломы аудандық тамыз конференциясы кезінде табысталыпты. Алғаш еңбек жолын Талдысай орта мектебінде бастаған Роза апай мұғалімдіктің қыр-сырын мектеп директоры Айболған Кенжебаевадан, оқу ісінің меңгерушісі Есімхан Шымқаевтан, орыс тілі пәнінің мұғалімдері Зайыб, Клара, Жұмагүл апайлардан үйренген. Олар жаңадан келген маманға бар білгендерін үйретіп, жан-жақты болуына жол ашқан. Ол жерде бір жыл қызмет атқарғаннан кейін өз ауылының жігітіне тұрмысқа шығып, ұстаздық қызметін Жұрындағы орыс мектебінде жалғастырады. Жылдар желісінде ауылдағы қазақ және орыс мектебі қосылып, жаңа мектепке Қ.Жұбанов аты беріледі. Сол уақыттан бері Роза Мұсағалиқызы осы мектепте үздіксіз қызмет жасап келеді. Бүгінде ұлағатты ұстаздың еңбек өтілі 39 жылды құрайды.

Өткен жылдарыма қарасам, бірнеше кезеңді басымнан өткеріппін. Кеңес үкіметінің дүркіреп тұрған уақытына да, еліміз тәуелсіздік алған уақытқа да, тоқырау кезеңіне де, кейінгі еліміздің дамуына да куәгер болып келемін. Осы жылдар аралығында қиын да қызықты күндер көп болды. Ең қиын кездер деп тоқырау кезіндегі уақыттарды айтар едім. Ол уақыттамектеп басшысы қызметін Салиха Бөкеева атқарды. Мектептің жағдайы өте нашар болды. Жарық жоқ, жағатын көмір де жоқ. Мектептің жылу жүйесі істен шығып қалған кездер көп болған. Сондай қиын сәттерде басшымыз Салиха апай күн демей, түн демей, көмір әкелетін көлік іздейтін. Ауа-райының қиын жағдайына қарамай, өзі әйел заты бола тұра, ер адамдармен иық тірестіріп, балалардың тоңып қалмауы үшін, қайткенде де оқуды тоқтатпауға бар күшжігерін салатын. Сол сияқты биология пәнінің мұғалімі «Қаз ССР ағарту ісінің үздігі» атанған Раиса Зарипова, математика пәнінің мұғалімі Маржан Бахатова секілді ұстаздардың еңбегін айтпай кету маған сын болары сөзсіз, — деген Роза апай қиын күндерде бірге қызмет атқарған әрістестерін сағынышпен есіне алды.

Роза апай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бола жүріп, орыс сыныбына қазақ тілінен де сабақ берген. Өйткені сол уақыттарда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер де тапшы болған. Ол қазақ тілінен сабақ берудің өте қиын болғанын, сабаққа қажетті оқулықтар мен көрнекілік құралдарының мүлде болмағанын жеткізді. Сол уақыттарда балалардың қазақ тілінде сауатты жазуы тұрмақ, қазақша сөйлей алмауы үлкен қиындық туғызған.

-Мойындау керек, ол кезде қазақ тіліне деген сұраныс мүлдежоқ болды. Қазақ тілімен әдебиеті пәніне мән берілмеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі артып, қазақ тіліне үлкен мән берілді. Жаңа оқулықтар шықты, қазақ тіліне сағаттар бөліне бастады. Тіпті іс-құжаттарын қазақ тілінде толтыру талабы қойылды. Сөйтіп анатіліміздің құрметі арта бастады. Бүгінде біздің балаларымыз тілімізбен, ділімізбен қайта қауышып, тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жүр. Ұжымымызда жас мұғалімдердің қатары көп. Көздерінде оты бар, жалынды жастар жүр арамызда. Қазіргінің жастарына қарап, риза боламын, — деді ол.

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Роза апай оқушылардың санасына білім нәрін құю кезінде тек қана сабақ берумен шектелмей, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақтан тыс жарыстар, әдеби-монтажды кештер, сырттай экскурсиялар ұйымдастыру маңызды екенін айтады. «Оқымайтын бала жоқ, оқыта алмайтын ұстаз бар» дегенді бойына мықтап сіңірген Роза Мұсағалиқызы балаларды сабаққа қызықтырып қана қоймай, санасына білім нәрін құйып, жақсы жаққа бейімдеу жолында елеулі еңбек етуде. Бүгінде ол тәрбиелеген шәкірттер түрлі саланы меңгеріп, белді белді маман иелері атанып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде.

Мен өзім оқытқан оқушыларыммен мақтанамын. Олардың жетістікке жеткенін көріп, төбем көкке бір елі жетпейқалады. Сол себептен олар қандай қызмет атқарса да адам болып қалып, өз еліне, жеріне адал еңбек етіп, осы өмірдің кірпіші болып қаланса, менің ұстаздық мұратымның орындалғаны деп білемін, — деп оқушыларына деген шын ықыласын білдірген Роза апай сөзін аяқтады.

Бала арманына адал болған Роза мұғалім бүгінде ұлағатты ұстаз атанып, қаншама оқушының санасына білім дәнін септі. Ұрпақ үшін жасаған еңбектері елеусіз қалмай, аудан, облыс әкімдерің Алғыс хатына, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет громатасына ие болды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Алдағы үш жылда 20 жаңа мектеп салынады

admin_mugalzhar

ЕЛЖАННЫҢ КИНО ӘЛЕМІ

admin_mugalzhar

Жол құрылысы сапалы цифрлық платформа арқылы бақыланады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.