«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮНГІ РЕЙД: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мұғалжар ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшелері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің ұстаздары кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын және алкоголь өнімдерін сату бойынша тексеру рейді жүргізді.

Рейд жұмыстары ауданға қарасты ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.
Рейд барысында сауда үйлері, азық түлік дүкендер тексерілді. Жеке кәсіпкерлерге жоғарыда аталған өнімдерді оқушыларға сатуға тыйым салынатындығын ескертіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптары, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КЕЛІНШЕК

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы: Перизат Қайрат ісі — заңнамалық өзгерістер үшін мүмкіндік

admin_mugalzhar

Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды

admin_mugalzhar