«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында енгізілетін салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзірді ұсынды.
«Тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған, атап айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді»,— деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы ауруларды 15%-ға дейін азайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, Тамақтану стандартында ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептер үшін мәзір көзделген, алғаш рет мектеп тағамдарына қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Жеуге жарамсыздық индексі (ыдыстағы тамақ қалдықтары) ұғымы енгізілді.

Тамақтанудың жаңа стандарты білім беру объектілері мен мектепке дейінгі балалар объектілеріне қолданылады.

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Ұқсас ақпараттар

Облыс әкімі ERG Ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының жаңа зертханасының жұмысымен танысты

admin_mugalzhar

UFC Макгрегор мен Порье жекпе-жек өткізетінін растады

admin_mugalzhar

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.