«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАС РЕДАКТОР БАНУ ЖАРТИНА “АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” АТАНДЫ

Бүгін облыс әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын болды.
Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің баспасөз саласында елеулі еңбек етіп, ақпарат майданының алаңында жүрген бір топ журналистер қауымын мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстап, алғыс білдірді.
Алғыс арқалап, құрметке ие болғандардың қатарында аудандық “Мұғалжар” газетінің бас редакторы БануЖартина да бар. Ол “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Бүгінде газеттің бас редакторы қызметін атқаратын Бану Әнуарбекқызы аудандық “Мұғалжар” газетіне 2003 жылы тілші болып келіп, одан бері аға тілші, редактордың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Ол маңызды мәселелерге мән артып, тұщымды тақырыптар төңірегінде сараптамалық мақалалар жазатын қаламы қарымды, тілі орақты журналист қана емес, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, білікті басшы.
Құттықтаймыз!!!

Ұқсас ақпараттар

Өңірде егін ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

admin_mugalzhar

ZHULDYZDY ZHOL 2025: Қазақстанда жас таланттарға арналған бірегей музыкалық тележоба басталады

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» акциясы және ақтөбеліктер үлесі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.