«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАҚЫЛАУДА

Аудан аумағындағы сауда желілерінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар мен өнімдерді анықтау мақсатында өнімдер қауіпсіздігі мониторингі жүргізуде. Бұл туралы аудандық Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары айтты.

Мамандар осы жылдың алты айында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 21тамақ өнімінен сынамалар алып, зерттеген. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдерінен 6 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдерінен 13 сынама, басқа елдердің өнімдерінен 2 сынама алынған. Солардың ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 4 сынама анықталған. Сонымен бірге тамақ емес өнімдерден барлығы 38 сынама алынып, зерттелген. Оның ішінде ішінде отандық өндірушілердің өнімдері — 5 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдерден 9 сынама, басқа елдердің өнімдерінен 24 сынама салынған. Зерттелген 38 сынаманың ішінде 3 сынама таңбалануы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болған.

Аудан бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы 3 қаулы берілді. Оның 1-не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру тағайындау туралы актісі ашылды және 2 жұмыс үстінде. Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тұтынушыларға өнімдерді сатыпалар кезде қаптамалардың тұтастығына, өндіру мерзіміне, сақтау шарттарына мұқият қарауға кеңес береді. Сонымен қатар, тұтынушылар сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, оның ішінде декларация, сертификаттарды сұрауға құқығы бар екенін еске саламыз, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«Банкроттық түсінігінің үш түрі енгізілмек»: Қазақстандықтардың қандай жағдайда кредиті кешіріледі

admin_mugalzhar

ЖАНДОС — ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.