«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДІНИ ТӨЗІМДІЛІК – БЕЙБІТ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

Ислам діні өзге дін өкілдерімен қатар өмір сүргенде бейбітшілікті, ымыраластықты, өзара татулық пен діни төзімділікті негізге алуға үндейтінін көреміз. Жалпы алғанда әлемдік діндердің қайқайсысының да өзегінде ұлтына, сеніміне, нәсіліне қарамастан адамды сүю, бір Жаратушыға сену, ізгілікті қағидаларды ұстану, діни төзімділік идеялары жатқаны анық. Бұл әлемге өзін дінаралық әрі мәдениетаралық татулықты жақтайтын ел ретінде танылған Қазақстан республикасы үшін де аса маңызды.

Діни төзімділік дегеніміз – ұлты мен жынысына, діні мен діліне, түрі мен тіліне, жасына қарамастан, барлық адамға тең құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау болып табылады. Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде мұнан басқа?!» — деген ғибратты сөзін ескере отырып, барша адамзаттың діни сенім бостандығына құрметпен қарау, өзге дін өкілдерімен бейбіт тыныш өмір сүру. Бұл — қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты сақтау үшін маңызды рухани құндылық болып табылады.

Абайдың 38-і қара сөзінде «Иман дегеніміз – жүрекпен сену, ақылмен тану». Ешкімнің сеніміне күштеп араласуға болмайтынын меңзейді. Себебі, нағыз иман – еркіндікте ғана туады. Қоғам жекелеген адамдардан құралады. Жақсы қоғам құралуы үшін жеке адамдар арасында сыйластық пен түсінушілік, махаббат болуы тиіс. Яғни шынайы жүрекпен бауырмалдық орнауы керек. Абайдың 12 – қара сөзінің астарында «Адамның сенімін сырттай емес, жүрегімен тану керек. Әркімнің сеніміне құрметпен қарау – имандылықтың белгісі.

Қазақстан — көпұлтты, көпконфессиялы ел болып табылады. Мұнда ислам, христиан, буддизм және басқа дін өкілдері өзара түсіністікпен өмір сүреді. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты мен дінге қатысты тең құқылық саясаты дінаралық келісімге жол ашып отыр. Отанның орны бөлек. Отанымыз – діни есендік, жан тыныштығы. Діни төзімсіздік бүлікке, алауыздыққа алып келетінін әлем тәжірибесін байқатып отыр. Сондықтан діни толеранттылық – бейбітшілік пен қоғамдық келсімнің басты бір тірегі.

Ә.МАУСЫМОВ, Мұғалжар аудандық Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» КММ-нің басшысы

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан үкіметі 2021 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу ережелерін жариялады

admin_mugalzhar

ТҰРМЫСЫ ТӘУІР – ТАЛДЫСАЙ

admin_mugalzhar

Айыппұлы төленбеген қазақстандық жүк көліктері Ресейден шығарылмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.