«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

187 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» – ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕН ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП, ТӘЖІРИБЕ ЖИНАУҒА МОЛ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БАҒДАРЛАМА. ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕТІНДЕРГЕ 30 АЕК КӨЛЕМІНДЕ ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ. БҰЛ – 117 960 ТЕҢГЕ.

Бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл мемлекеттік бағдарлама өз мамандығын терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастарға берілген үлкен мүмкіндік.
Аудандық мансап орталығының «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маманы Айсұлу Жолдасбаева аталған бағдарлама белгілі бір оқу орнын тәмамдаған жастардың уақытша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауына жол ашатынын айтты.
«Жастар тәжірибесіне» қатысушы жас маман бір жыл бойы жұмыс істеген уақыт аралығында жұмысында өз іскерлігін көрсете алса, тұрақты жұмысқа қалуына мүмкіндік ала алады. Бағдарламаға 35 жастан аспаған, «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы бес жыл ішінде жоғары оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білімі бар түлектері бір рет қана қатыса алады. Өткен жылы осы бағдарлама аясында 245 жас маман аудан аумағындағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек етсе, оның 97-сі тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Ал биылғы жылға 200 жасты қамту жоспарланды. Бүгінгі таңда 187 жас аталған бағдарламамен жұмысқа жолданды, — деді маман.

Ұқсас ақпараттар

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.