«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, бұл болашақ ұрпаққа қалдырылатын саяси әрі рухани мұра

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы – елдің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын тарихи құжат. Ұсынылып отырған өзгерістерде адам құқықтары мен бостандықтарының басты құндылық ретінде белгіленуі – өскелең ұрпаққа берілетін маңызды бағдар.

Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі – ел дамуын адами капиталдың сапасымен өлшеуге бағытталған дұрыс шешім. Бұл – ұстаздар қауымы үшін үлкен сенім әрі жауапкершілік.

Зайырлы мемлекет қағидаттарының нақты бекітілуі, цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қатысу мен ашықтықтың күшеюі – қазіргі заман талабына толық сай келеді.

Салауат Жұмағалиев, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты.

Ұқсас ақпараттар

Қай желі танымал?

admin_mugalzhar

ЕНДІ ЭЦҚ АЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

admin_mugalzhar

АШЫҒЫН АЙТСАҚ АЩЫ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ ТАПШЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.