«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛАҚАЙ! ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАСТАЛДЫ!

ЖЫЛ САЙЫН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАСТА ЛЫСЫМЕН ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЛА ГЕРЬЛЕРГЕ БАРЫП, ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСЫП, БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕМАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЖАЗЫП ЖҮРМІЗ. АЛ БИЫЛ САПАРЫМЫЗДЫҢ БАҒЫТЫН АУЫЛҒА БҰРЫП, АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ КҮНГІ ДЕМАЛЫСТАРЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗІП ЖАТҚАНЫН КӨЗБЕН КӨРУДІ ЖӨН САНАДЫҚ. ОСЫ МАҚСАТТА АҚКЕ МЕР АУЫЛЫНДАҒЫ АҚКЕМЕР ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫҚ.

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУДА

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Назгүл Мажитованың айтуынша, Мұғалжар ауданындағы мектептерде 1-10 сыныптар аралығында жалпы саны 12 031 оқушы білім алады. Олардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында сауықтыру, танымдық, еңбек және қосымша білім беру бағыттарын қамтитын кешенді жоспар бекітілген.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру басты міндеттердің бірі. Әсіресе, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларды қамтуға басымдық беріліп отыр. Аудан бойынша 725 оқушы арнайы санатқа жатады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті қағидаларына сәйкес олардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, дейді Назгүл Мажитова.

Оның айтуынша, арнайы санаттағы балалардың демалысын ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, нәтижесінде Ақтөбе қала сындағы «Әсем» балаларды сауықтыру лагері жеңімпаз деп анықталған.

Биыл атаулы әлеуметтік қолдауға мұқтаж бес санат бойынша 109 оқушы қала сыртындағы лагерьде демалады. Балалардың лагерьге жол жүру шығындары мен демалыс ақысы толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Бұл балалардың жазғы демалысын сапалы өткізуге берілген үлкен мүмкіндік деп есептейміз, – дейді бөлім меңгерушісі Назгүл Ғалымжанқызы.

Ал қала сыртындағы лагерьге бармайтын әлеуметтік санаттағы 616 оқушы үшін мектеп жанындағы ыстық тамақпен қамтылатын лагерьлер ұйымдастырылуда.

Әлеуметтік санаттағы барлық баланы назардан тыс қалдырмауға тырысып отырмыз. Сондықтан мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған. Әр мектеп өз жоспарына сәйкес танымдық, мәдени және спорттық шаралар өткізеді. Жалпы саны 5 288 бас тауыш сынып оқушысы мектеп жанындағы лагерьлермен қамтылуда. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойындар, шығармашылық жұмыстар, танымдық сабақтар мен серуендер ұйымдастырылады. Бұл олардың жазғы уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған,– дейді меңгерушісі.

Жазғы кезеңде жоғары сынып оқушыларының еңбек тәрбиесіне де басымдық берілмек.

Мемлекеттік емтихандар аяқталғаннан кейін 9–10 сынып оқушылары мектеп аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 150 оқушы маусымдық ақылы еңбекпен қамтылады. Бұл жастардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдық жұмыстарға араласуына мүмкіндік береді, — дейді Назгүл Мажитова.

Бұдан бөлек, жазғы демалыс кезең інде қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы да жалғасады. Өнер, музыка және спорт мектептері мен түрлі үйірмелерге мыңға жуық оқушы тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ оқушылардың туған өлке тарихын тануына мүмкіндік беру мақсатында киелі орындарға саяхаттар мен музейлерге экскурсиялар ұйымдастырылатынын жеткізді. Білім бөлімі мамандарының ақпаратына сәйкес, жазғы демалыс кезеңінде қолға алынған барлық шаралар дың нәтижесінде аудандағы 12 031 оқушының 98 пайызы түрлі сауықтыру, танымдық және демалыс бағдарламаларымен қамтылатын болады.

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өтуі үшін барлық білім беру ұйымдары жүйелі жұмыс жүргізуде. Басты мақсатымыз – әр баланың жаз мезгілін жақсы көңіл-күймен, жаңа әсерлермен және пайдалы істермен өткізуіне жағдай жасау, — деп түйіндеді Назгүл Мажитова.

АУЫЛ ЛАГЕРІНДЕГІ БІР КҮН

Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінің ауласына кірген сәттен-ақ мерекелік көңіл-күй сезіледі. Түрлі түсті жалаушалар мен безендірулер көздің жауын алады. Балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған көрнек іліктер мен жазғы лагерьдің тақырыбына сай әзірленген бұрыштар мектеп ауласына ерекше сән беріп тұр. Бейне бір шаттық мекеніне айналған кішкентай ертегі әлемі секілді. Мектеп ішіде түрлі-түсті баннерлер мен, балалардың қолынан шыққан суреттермен және қызықты ақпараттық көрнекіліктермен безендірілген. Әр бұрыштан оқушылардың қуанышты дауыстары естіліп, мектеп іші ерекше бір күйге енген. Сол сәтте спорт зал жақтан жаңғырып шыққан балалар дың дауысы құлағымызға жетті. «Бір», «екі», «үш» деген дауыстар қайта-қайта естіліп тұр. Біз спорт залға бет алып, ішке кіргенімізде балалар таңғы жаттығуларын жасап жатыр екен. Бір тобы сап түзеп тұрса, екінші тобы жаттықтырушының тапсырмасын мұқият орындауда. Кішкентайлардың жүзінен күлкі мен сергектік байқалады. Жазғы лагерьдегі әр күн дәл осындай сергіту жатты ғуымен басталады екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, таңғы жаттығу балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, күні бойы белсенді жүруге мүмкіндік береді. Спорт залдағы көтеріңкі көңіл-күйді көріп, ауыл балаларының жазғы демалысы қызықты әрі мазмұнды өтіп жатқанына көз жеткіздік. Жаттығудан кейін «Қауіпсіз бес минут» деп аталатын шара ұйымдастырылды. Мұнда балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, буллингтің алдын алу және өзге де маңызды тақырыптар жөнінде мәліметтер берілді. Одан кейін лагерьдің тағы бір бағыты кітап оқу уақыты басталды. Бұл жерде оқушылар 15 минутын түрлі тақырыптағы кітаптарды оқуға арнады.

Өздеріңіз көріп тұрғандай, бізде күн сайын 15 минуттық кітап оқу сағаты болады. Бір топ кітап оқыса, келесі топ көрініс қояды, енді бірі оқыған шығармасын талқылайды. Төменгі сыныптар көбіне ертегілер оқиды. Себебі олардың қабылдау деңгейіне сәйкес келеді. Ал жоғары сыныптарға күрделірек шығармалар ұсынылады. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақса тында осы жұмысты тұрақты жүргізіп келеміз, — дейді Мөлдір Түркан.

Одан кейін бүгінгі күннің негізгі жоспары — «Бауырсақ party» ұйымдасты рылды. Балалар үйлерінен пісіріп әкел ген бауырсақтарын, ұлттық тағамда рынан арнайы дастархан жайып, ән шырқады. Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күніне орай тақырыптық су рет салып, патриоттық өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. Бұл шараға ата аналар да белсенді қатысып, ұлттық аспапта ән айтып, оқушылардың көңілін көтерді.

Бүгінгі жоспарымыз ауа райының қолайсыздығына байланысты өзгеріп кетті. Негізі біз далада бала лармен бірге қа-зан көтеріп, бауырсақ пісіріп, самаурын қайнатамыз деп жоспарлағанбыз. Десе де ата-аналар олқылықты білдіртпей, үйден бауырсақ пісіріп беріп жіберді. Оқушылар бүгін үш түрлі бағытта киініп келді. Бір топ ертегі кейіпкерлерінің, екінші топ жануарлардың, ал үшінші топ ұлттық киім киді. Кеше ретро стиль күні болды. Балалар өз қиялдарына ерік беріп, әртүрлі киім үлгілерін киіп келген еді, – дейді жетекші.

Бұл жерде жүзге жуық бала демалуда. Олар үш топқа бөлінген. Әр топ пен екі жетекші жұмыс істейді. Сонымен қатар арнайы спорт нұсқаушысы бар. Балалардың қызығушылығына қарай мектепте бірнеше арнайы кабинет жабдықталған. Бір кабинет кино көруге арналса, екіншісі караоке орталығы ретінде жұмыс істейді. Ал үшінші кабинетте шығармашылық жұмыстар мен оқу сабақтары өткізіледі. Балалар күні бойы осы кабинеттер арасында ауысып, әртүрлі бағыттағы шараларға қатысады. Күн ашық кезде мектеп ауласындағы ашық шатырлы орындарда түрлі ойындар ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізіледі. Лагерь жұмысы сағат таңғы 9:00-ден 13:00 ге дейін жалғасады. Күн сайын белсенділігімен ерекшеленген немесе ең үздік киім үлгісін таңдаған балалар марапатталып отырады.

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖАЙЫНДА…

Лагерь тәрбиеленушісі Нұршат Тыныш тықтың айтуынша, мұндағы әр күн қызыққа толы.

Лагерь өте қызықты өтіп жатыр. Апайларымызбен бірге волейбол ойнаймыз, түрлі спорттық жарыстарға қатысамыз. Әр күннің өз тақырыбы бар. Сол тақырыптарға сай киініп келеміз. Достары мызбен уақыт өте көңілді өтеді, — дейді ол.

Ал Сафина Асқарова лагерьдегі шығармашылық сабақтардың ерекше ұнайтынын айтады.

Біз мұнда сурет саламыз, ән айтып, би билейміз. Түрлі байқауларға қатысамыз. Күн сайын жаңа нәрсе үйренеміз. Лагерьге келгеніме өте қуаныштымын, – дейді оқушы.

Тұмар Қазбекова да лагерьден алған әсерімен бөлісті.

Маған лагерьдегі ойындар мен достарыммен бірге өткізетін уақыт қатты ұнайды. Әсіресе тақырыптық күндер қызық өтеді. Барлығымыз ерекше киініп келеміз. Осындай лагерь ұйымдастырған апайла рымызға рақмет, – дейді ол.

Лагерь жұмысында ата-аналардың да белсенділігі ерекше байқалады. Олар балаларға арнап ұлттық тағамдар әзірлеп, түрлі іс-шараларға қатысып тұрады. Тіпті әр күнге бір ата-анадан келіп, лагерь жұмысына қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бүгінгі мерекелік шараға қатысқан ата-аналардың бірі балаларға домбы рамен ән шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады. Шарбат Төремұратовада лагерь жұмысына ризашылығын білдірді.

Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ата-ана ретінде бүгінгі шараға қатысып қалдым. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін көріп қуанып тұрмын. Жазғы демалыста рын жақсы өткізіп, жақсы әсер алсын. Осындай лагерьлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқаны қуантады, дейді ол.

АҚКЕМЕР МЕКТЕБІНДЕГІ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫНА ҚАРАП ОТЫРЫП, АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ МАЗ МҰНДЫ ӨТІП ЖАТҚАНЫН АҢҒАРДЫҚ. МҰНДАҒЫ ӘР КҮН ЖАҢА ӘСЕРГЕ, ЖАҢА БІЛІМГЕ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІКТЕРГЕ ТОЛЫ.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының жанынан «Халықтық бақылау» кеңесі құрылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілмек

admin_mugalzhar

12 СӘУІР — ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

admin_mugalzhar