«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев Елбасының 20 жыл бұрын қабылданған жарлығына өзгеріс енгізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын», — делінген президент жарлығында.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

admin_mugalzhar

77 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar

РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.