«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЙЛАУДА ЖҮР ЖАС ЖІГІТ

“Мұғалжар” газетінің тілшілері «бүгінгінің жастары мал бақпайды» деген қағиданы бұзып, қолына құрық алып, қой қайырған 18 жастағы талдысайлық Сұңғат Болатбаевпен жайлауда кездесіп, әңгімеге тартты.

Әңгімесін «қой бағу ата-бабамыздан қалған кәсіп қой» деп бастаған жігіт, қойшылықтың ешқашан сұраныстан шықпайтынына сенімді. Ол көзін ашқалы әкесінің жанында жүріп, еңбекке ерте араласып, мал бағудың қыр-сырын меңгерген. — Әкем қой бағу кәсібін жақсы білетін тәжірибелі шопан. Ол маған жайылымды тиімді пайдалануға, қойды итқұстан аман ұстауға, күйін арттырып, мал басының санын түсірмей, оны көбейтуге күш салу керектігін үнемі айтып отырады. Бүгінде қойды жаю, суатқа қою, күрекпен қора тазалау, қой қырқу, қой тоғыту, төлдету деген сияқты жұмыстың бәрін үйреніп алдым, — дейді ол. Жас шопан қойды жаюдың да өз тәсілі бар екенін айтады. Таң қараңғысынан қойды өріске айдап, жайылымға шығаратын Сұңғат, қойды шеңбер бойымен айналып, бағытын өзгертіп отырып жайса қойдың қоңынан жақсы болатынын тілге тиек етті. — Мені кішкене кезімнен әкем қасына алып жүріп, еңбекке баулыды. Әлі де үйренетінім көп. Қазақ ешқашан мал бағудан ажырамасы анық. Абайдың «Қой қоздап, қорада шу» деген өлең жолдарындағыдай қой бағудың ең қызықты да қиын кездері көктем мезгіліндегі төлдеу уақыты. Бұл кездерде кейбір жас қойлар қозысын алмай, жатырқап жатады. Қозыны аман алып қалу үшін емізікпен сүт беріп, бағып-баптап, басқа қойға салып жібереміз. Қойшының басты мақсаты — төлді аман алып қалып, мал басын көбейту, — деді ол. 2019 жылы орта мектепті бітірген Сұңғат арман қуып қала аспай, жайлы өмір іздеп жанталаспай әкесінің жанында қалып, көмектесуді жөн санады. Алайда, арманы да жоқ емес. Ол болашақта дәнекерлеу мамандығын игеріп, темірден түйін түйген шебер болуды армандайды. Өз бақытын қарапайым еңбектен табуды ойлаған жігіттің бүгінгі тiрлiгiне сүйсiндiк.

Н. ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы президент тапсырмасын тиімді орындауда

admin_mugalzhar

Актюбинцы смогут оплатить госпошлину с помощью QR-кода

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.