«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗІР СӘНДЕ – ЭТНО СТИЛЬ

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ ЖӘНЕ ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ҚАНДАЙ ТҮСТЕР СӘНДЕ? ҚАНДАЙ ОБРАЗДЫ ТАҢДАҒАН АБЗАЛ. ЖАЛПЫ АДАМДЫ КИГЕН КИІМІ АРҚЫЛЫ ТАНЫП-БІЛУГЕ БОЛА МА? ОСЫ СҰРАҚТАРҒА АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КҮНКЕЙ» СӘН ҮЙІНІҢ ИЕСІ САБИНА САБЫРҒАЛИҚЫЗЫ ЖАУАП БЕРЕДІ. СОНЫМЕН…

Сәнгер жұмысының басты мақсаты – ерекше образ жасау арқылы адамның стилінің даралығын айқын көрсету. Осы мақсатта балалық арманын үлкен өмірдегі мақсатына айналдыра білген жас сәнгер 2015 жылы өзінің сән үйін ашты. Бүгінде «Күнкей» сән үйі шетелдерде ұйымдастырылатын халықаралық сән көрсетілімдеріне үнемі қатысып жүргенін де айтады Сабина. Соның бір дәлелі, өткен жылы Швеция, Каппадокия, Корея мемлекеттеріне барып, сән көрсетілімдерінде өзіміздің отандық киімдерімізді көрсетіп және оны таныстырып қайтқан.

— Үйлестіріп киіне білу де — өнер. Жалпы адамның киімі уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес болады. Қоғам дамыған сайын көзқарас та өзгереді, сән де жаңарады, талғам да тартысқа түседі. Әрине, киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына қарай сүйенеді. Киімге деген талғампаздық — адамның өзіне сын көзбен қарай алатыныныңбелгісі. Қысқаша айтқанда, сән өзгеріс үстінде болғандықтан, бүгін сәннен шыққан киімнен немесе аксессуардан және өзге де заттардан құтылуға асықпаған жөн. Себебі бір сән үлгісі ешқашанда өлмейді, ол бір кезеңде қайтып келеді. Адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап, сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды, — дейді Сабина.

Әртүрлі бағытта жұмыс жасағанды ұнататын сәнгер қыз бүгінде жастардың этно стильді киімдерге көп мән артып, тапсырыстар беретінін айтады.

— Этно стильді киімдер ыңғайлылық пен төзімділік принципі бойынша орындалады. Қазіргі кезде тұтынушылардың басым бөлігі шетелдік брэндтік киімдерге ұмтылмай, ұлттық нақышта киінуді әдетке айналдырып, жеке өзіне тән киім тіктіруде. Соңғы уақытта біздің сән үйімізде этно стильді көйлекке тапсырыс берушілердің қатарында ұзатылып жатқан қыздар мен жаңадан келін болып түсіп жатқан келіншектер басым. Этно стильді киімдердің түстік гаммасы өте байсалды түстерден жасалады. Түс демекші, сәнгердің айтуынша, биылғы жылдың трендтегі түстері қатарындааспанкөк, қызғылт реңк, ашық сары, қызғылт сары, ментол түсі, маржан және таңқурай түстес, жасыл түстер бар. Алдағы жаз айында осы түстерден киім кисеңіз, трендтемін деп ойлай беріңіз.

— Бүгінде Қазақстанда сән әлемі өте қарқынды даму үстінде. Себебі дизайн жағынан дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Көптеген сәнгерлер қазірде өздерін биіктен көрсетіп, өз бақтарын үлкен додаларда сынап, елдің атын әлемге танытып жүр. Дарындыжандарұтқыридеялар ұсынып, табиғи бұйымдар жасап, заманауи технологиялардыұтымдықолданып, барын салуда. Мемлекет тарапынан да отандық өнімді дамыту және қолдау көрсету саясаты қарқынды жүруде, — дейді дизайнер. Әдемілікәлеміндеөзқолтаңбасын қалыптастырып үлгергенжас сәнгердіңертеңгікүнгеқұрғанжоспарлары да үлкен. Қазіргі таңда «Астана» халықаралық университетінде дизайн факультетінде1 курста оқитын жас сәнгер осы жолдағы білігі мен білімін толықтыру үстінде.

Әміржан ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

СЧАСТЛИВАЯ СЕМЬЯ ЗАВИСИТ ОТ НАС!

admin_mugalzhar

Армангүл ҚЫНАЕВА, Батпақкөл ауылдық округі: ДОСТЫҒЫМЫЗ МАХАББАТҚА ҰЛАСТЫ

admin_mugalzhar

ҰЛТЫ БӨЛЕК, ЖҮРЕГІ БІР ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.