«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап бірыңғай білім беру платформасы іске қосылады

Бірыңғай онлайн білім беру платформасы алдағы жаңа оқу жылында іске қосылады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы бірыңғай онлайн білім беру платформасын құру бойынша тапсырма берген болатын. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы, бұл бағыттағы қадамдар жаңа оқу жылының басына қарай аяқталады. Келесі оқу жылынан бастап білім ұйымдары бірыңғай білім беру порталын пайдалана алады», — деді Шолпан Каринова.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында бірыңғай онлайн білім платформасын әзірлеу керектігін тапсырған еді.

Сонымен қатар қазіргі кезде қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар да осы қызметтерді ақылы ұсынып келеді.

«Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен мұғалімдер, мектептер әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушылардың қатысуын таңдаған кезде мұқият болуына кеңес береміз», — деді Шолпан Каринова.

Ұқсас ақпараттар

«ЭТНОТЕРАПИЯ» ТРЕНИНГ-ЖОБАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қылмыскерлер жалған патриоттық ұрандарды жиі қолданады — Тоқаев

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ «САУСАҚТАР СӨЙЛЕЙДІ» ОҚЫТУ КУРСЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.