«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘКЕМ — ӨМІРЛІК БОЙТҰМАРЫМ

Биылғы жылдан бастап еліміздегі мерекелер қатары жаңа екі мерекемен толықты. Үкімет басшысының қаулысымен енді мамырдың екінші жексенбісінде «Аналар күнін», ал маусымның үшінші жексенбісінде «Әкелер күнін» атап өтетін боламыз. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында жалпыхалықтық сипат алады деген үмітпен енгізілген бұл мерекелердің маңызы жоғары екені айқын. Осы орайда, биыл алғаш атап өтілмек «Әкелер күні» қарсаңында Мұғалжар өңірінде ұзақ жылдар еңбек еткен, білікті маман, ардақты жан болған және бүгінде ұрпағының ортасында шүкірін айтып отырған әзіз әкелері туралы әрқашан әкеге жақын болатын қыздары қалам тербеді…

Мен атаммен әжемнің қызы болыпөстім. Сондықтан болар әкем мен шешем үлкендердің көзі тірісінде мені бауырларына басқан емес. Әкем өмірінің соңғы сәттерінің өтіп жатқанын сезді ме екен, соңғы жылдары «арпа ішінде бір бидайсың» деп, басымды жиі сипап, жақын тартатын еді. Себебі ес білгелі мені еркелетіп те, есіртіпте көрмеген жан еді. Содан болар әкемді көке деп атайтынмын.

Аудан жабылған уақыт, бала болсам да әлі есімде. Себебі сол уақытта кеңселердің жабылуын пайдаланғандар оның жабдығы менжиһазынүйлерінетасыпалып жатқанда көкем бізге 4-5 қап кітап әкелдірткен еді. Оның өмірден көргеніментүйгені, тәжірибесі, бар жиған-тергені балалары ғана болды. Үнемі «байлығым-балаларым» депотыратын. Ешқашан балаларын, яғни біздерді шені үлкен, шекпені қомақтылардың алдына шаруасын айтып жетектеп барған емес. Үйдегі ұлдардың қызметке келуіне, өсуіне демеу танытпайтынына кейде, пендешілікпен, балалықпен ренжитін кездеріміз деболған. Бүгінде ойлап отырсам, ол кісінің бізге рухани қолдау танытатынын, кез келген сәтте өз ісіне, арына адал болуға тырысқанын түсініп жүрмін. Үйде әскердегідей қатаң тәртіп болды, артық әңгіме, орынсыз күлкі болмайтын. Ол кісінің көңіл-күйін қас-қабағынан біліп отыратынбыз. Анамыз Базаргүл де әкеміздің бар жағдайын жасап, баптап, жұмысқа шығарда киімін иығына іліп, міндетті түрде бір кесе айранын ұсынатын.

Жұмыс барысында әлеуметтік салаға жауап беретін болғандықтан мен басшылық ететін балабақшаға да жиі бас сұғатын. Кейде жоғарыдан комиссия келеді, басшылар келеді, сол уақытта ол алдын-ала немесе ескертулері болса кейін арнайылап келетін. Мұндай сәттерде ол «қызымсың ғой» деп жұмсақтық танытпай, күллі ұжымның алдында қатаң сөгіс естіген күндерім де болды. Бірақ, менің әрбір айтарымды мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін аямайтын.

«Нұр-Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс ауыстырған сәті әлі есімде. Мен Ақтөбеге жол жүріп бара жатып, әкемнің үйіне соқтым. Күн кеш болып кеткен сәті еді, келгеніме балаша қуанған көкем қоярда қоймай жұмыс орнына ертіп апарып, кабинетін ашып көрсетті. Ескі үстелдерді көріп, көңілім құлазып қалды. Бірақ көкем оған мән бермей, болашаққа деген жұмыс жоспарларымен бөлісіп жатты. Арасында «Әкеңнің кабинетіне көрімдік бермейсің бе?» — деп әзілдеп қояды. Жұмыс компьютері дежоқ екен, сол жолы Ақтөбеден компьютер алып, көкемнің кабинетіне орнатып беріп кеттім. Ол жас  балаша қуанып, «Мен жұмыс жасай алмаймынғой, бірақ тұрғаныда жақсы екен, енді үйренетін болдым» деді. «Көке, кейін қабырғадағы көрнекілік құралдарын жаңартып беремін» дедім.

Қайтыс боларынан бір күн бұрын мен Қандыағашқа аудан әкімдігіне жиналысқа келдім. Көкем мен жеткенше мазасызданып, телефон шалумен болды. Жиналыс үстінде кездестік. Оған түстен кейін тағы да жиналыс барын, сондықтан түскі асқа үйге бара алмайтынымды айтып ескерттім. Әкімшілік маңындағы асханадан түскі асты алдыма ала бергенім сол еді, көкем қайта телефон шалды. «Үйге келсеңші. Біз сені күтіп отырмыз» деді. Оның көңілін қимай, уақыттың тығыздығына қарамастан үйге бардым. Ол арқа-жарқа әңгіме айтып отырыпт амақтанды. Бұл әкеммен болған соңғы кездесу, соңғы әңгіме екенін білсемші сонда..

Өмір бар жерде өлім бар екені ақиқат. «Алланың аманатқа берген жанын уақыт жетсе өзіне қайтарамын» деген де бар. Алайда, ең жақын адамыңды бір сәтте жоғалтқан өте ауыр екен. Қазір ойлап отырсам, әкеме шаруамды, я бір басымдағы мәселені артып көрмеппін, ол кісі де жұмыс барысында мені қызым деп емес, қызметкер деп қарады. Мұның барлығы бізді өмірге шыңдау екенін қазір түсініп жүрмін. Ол менің өмірлік бойтұмарым еді, солай болып қалады да.

Әкемнің тек біз үшін емес, қарапайым халыққа қадірлі болғанын жаназасы күні білсек те, әлі күнге дейін «тумысы бөлек тұлға еді, орны ешқашан толмайды ғой» деп, мені көрген сайын сағынышпен еске алатын ағалар мен апалардың тебіренісіне шыдай алмай жылап та аламын. Бір мекеме басшысының «Қандыағашқа кіріп кележатқан сәтте неге екенін білмеймін көз алдыма Құрмашевтің бет-бейнесі елестейді» дегендіде естідім. Халықтың көңілінің адалдығына риза боласың. Қатты сағынғанда түсіме енеді, үнемі үлкен залдарда жиналыстарда жүргенін көремін…

Өмір жалғасуда, күндер жылжып өтуде. Тек баланың әкеге деген сағынышы әлі басылар емес. Осы естелікті жазып отырып та, әкенің алақаны мен ыстық құшағын аңсаған перзент жасы домалап қағаз бетіне түсуде…

Әкем Жангелді Құрмашев өмір бойы қайнаған тірліктің ортасында жүрді. Жақсыларға бас болды, жаман ниетті адамдарға қас болды. Халқына адал қызмет етті, елжұртыпейілінбағалайбілді. Жұмыстан өзгені ойламады. Өзгені мақтады, бірақ өзі мақтанбады. Өмір бойы жұмыс қамын ойлаумен саналы ғұмырын сарп етіп, соңғы демі де сол қызмет орнының босағасынан үзілді. Нағыз мемлекеттік қызметкер еді жарықтық.

Әсел ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫ, Ембі қаласы.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛҒА ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді

admin_mugalzhar

САБЫНДЫКӨЛГЕ АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.