«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Такси: Бағаны кім бағамдайды?

Қазіргі таңда күн өткен сайын барлығының бағасы шарықтап бара жатыр. Соның бірі – такси құнының шамадан тыс болуы. Атшаптырым жерге айғыр құнын сұрайтын таксишілердің жыры бітер емес. Ал оған «Ай дейтін әже, қой дейтін қожа» болмай тұр. Жауаптары да дайын әйтеуір, зірк-зірк еткен бір адам. «Мінбесең, мінбе, сен мібесең басқа да клиенттер толы деп» өзіңе айқайлағанда, не айтарыңды білмей қаласың.

Ең алдымен, ауылдағы ағайынға қиын тиіп тұрғаны осы жолақы мәселесі десек, қателеспейміз. Жолды сылтауратады десек, бұрынғы қалпымызға қарағанда он есе артық, көпшілігі газбен жүретіні бесенеден белгілі. Есесіне, көлік мінгендердің айы оңынан туған сыңайлы. Такси болып заңды тіркелмегендіктен, ешқандай да салық төлемейтін мұндай таксилер жайшылықтағы бағадан екі есеге дейін қымбат алып, онсыз да қалтасы жұқа жандардың жүйкесін де жұқартқан сияқты. Тіркелмеген такси жүргізушілерінің қанша екенін бір құдай біледі. Өйткені қала ішінде көлігіне «такси» белгісін тағып алып жүрген жүргізушілер көп. Жалақысына қосымша қаражат табуды ойлаған жандар осылайша түнгі уақытта бірден такси бола салады.

Жалпы, орташа есеппен қала ішінде жолдың ұзақтығына байланысты бағаны такси жүргізушілерінің өздері белгілейді. Кез келген жерге кемінде 500 теңге ақшаңыз болмаса, таксиге отыра да алмайсыз. Ал алыстау жерге барсаңыз, 600-700 теңге дейін ұсынуыңызға тура келеді. Қарап отырсаң қала кішкентай, 400 деген баға ұсынсаң, сені қабылдамайды да. Тіпті сені алып келе жатып, жолай қосымша 2 адамды салып алатынына қайтерсіз?

Қалай десек те, қымбатшылық, халықтың шымбайына, шыныменақ, батып отыр. Сонда өгіз де өлмей, арба да сынбас үшін қайтпек керек? Жекеменшік көліктегі жолақы бағасы қашан ауыздықталады?!

Қ.ЖАНТӨРЕЕВА

Ұқсас ақпараттар

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың есепшоттары бұғатталады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.