«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРІЛДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялағаны белгілі. Осы орайда №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-нің 9-сынып оқушылары Қандыағаш қалалық «Вагон жөндеу мекемесіне» саяхат-сабағына барып қайтты.

Қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру, түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың кәсіби таңдау жасауына бағыт көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада өндіріс оқыту шебері Азберген Набиев вагон жөндеу мекемесін таныстырып, жұмыстары туралы айтып өтті. Оның ішінде мекеменің теміржол көлігіне қызмет көрсететін орын екенін баса айтып, онда вагондарды жөндеу, бөлшектерді ауыстыру, техникалық ақауларды анықтау, сақтау және күту жұмыстары жүргізілетінін тәмпіштеп түсіндірді. Оқушылар осылай жұмысшы мамандықтардың бірі — вагон жөндеушілердің жұмыстағы күндерін көздерімен көріп, өздеріне қажеттілерін алып, ой түйіп қайтты.

Ұқсас ақпараттар

Конституцияда елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын конституциялық заңмен айқындау қажет – Дания Еспаева

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ: ҮРДІСКЕ АЙНАЛҒАН ТҮЛЕКТЕР СПАРТАКИАДАСЫ

admin_mugalzhar

Отыз мыңнан астам ақтөбелік бір мезетте гимн шырқады

admin_mugalzhar