«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

Өткен аптада Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай және Саға ауылдарында жаңа стандарттық үлгідегі медициналық нысандар ашылды.

Аталған нысандардың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ашылған нысандар Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарда денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде салынды.

Саға ауылында бой көтерген медициналық станцияға енді ауыл тұрғындары келіп, сапалы ем ала алады. 20 келушіге арналған нысанның құрылыс жұмыстарын «Бәбек құрылыс» ЖШС-і жүргізген. Ал Қожасай ауылында бой көтерген медициналық пунктті «Техно-С» ЖШС-і салған.

Аталған медициналық пункттер жаңа заманауи медициналық құралдармен жабдықталды. Медициналық пунктте егу, емшара, қабылдау және әйелдер бөлмелері бар. Енді жаңа ғимараттар халыққа тиімді медициналық көмек көрсететіні анық. Бұл нысандардың ашылуы батпақкөлдіктердің жүзіне қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Денсаулығына жиі шағымданатын тұрғындар алысқа бармай-ақ ауылда ем-дом қабылдайтын болады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылуға дайындық үстінде

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция — жаңа кезеңнің негізі

admin_mugalzhar

«АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ» АЙТАРЫ КӨП

admin_mugalzhar