«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеден Қызылордаға, Оралға және Шымкентке тікелей рейстер ашылады

1 мамырдан бастап «Южное небо» әуекомпаниясы Ақтөбе мен Орал және Ақтөбемен Қызылорда арасында тұрақты тікелей рейстерді орындай бастайды.

Ал Шымкенткеұшақтар 2 мамырдан ұшуын қайта бастайды. Әуе рейстерінің ашылуы жолаушылардың саяхаттауына және іскерлік сапарларға жаңамүмкіндік.

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы әкімшілігінің мәліментінше, Ақтөбеден-Оралға рейстер аптасына екі рет: сәрсенбі және жексенбі күндері, ал кері бағытта — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билеттер16 мың теңгеден бастап сатылады.

Ақтөбеден-Қызылордаға рейстер аптасына екі рет: дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал кері бағытта — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Билет құны 26 мың теңгеден басталады.

Scat әуекомпаниясы Ақтөбе-Шымкент-Ақтөбе бағытындағы рейстерді дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндеріне жоспарлаған, ал Flyarystan әуекомпаниясы аталған қалаға 1 маусымнан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері рейстерді орындамақ. Билеттер сатылымда, 18 мың теңгеден жоғары.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛДА ӘЖЕЛЕР МЕН АНАЛАР АНСАМБЛІ ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру мақсатымыз орындалды

admin_mugalzhar