«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ҰСТАЗ-АРДАГЕРЛЕРДІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АУДАНДА ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ. АТАЛҒАН ЖИЫНҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ КЕНЖЕҒАЗЫ БАЙҒАЗИН БАСТАҒАН ӨЗГЕ АУДАНДАРДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАЛАРЫ КЕЛІП, АУДАННЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСЫП, ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАДЫ.

Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған өңірдің үздік ұстаз-ардагерлерінің сапары Ақкемер ауылынан басталды. Онда Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы әр ауданнан келген төрағаларды ыстық ықыласпен шашу шашып қарсы алды. Ұлттық аспаптардың құлағында ойнаған оқушылар күмбірлетіп күй тартып, жылы лебіздерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп оқушыларының дайындаған «Томирис» қойылымы да көптің көңілінен шықты.

Одан әрі ардагер-ұстаздардың назарына мектеп ұстаздары мен оқушыларының дайындаған ғылыми және қолөнер көрмесі ұсынылды. Мектеп фойесінде жасақталған көрмеден түрлі мемлекеттен әкелінген шәйдің бірнеше түрін, ауыл дәмі саналатын сүт өнімдерін, оқушылар мен ұстаздардың қолынан шыққан түрлі көзің жауын алатын қолөнер бұйымдарын көруге болады. Сондай-ақ оқушылардың робототехника сабағында жасаған түрлі роботтары, адам саулығын тексеруге арналған түрлі медициналық құралдары, 3D форматтамүсінжасайтын заманауи құрылғылары кеңес төрағаларының қызығушылығын оятты. Көрме төрінен ғылымға ден қойған оқушылардың да зерттеу жұмыстарын табуға болады. Айталық, мектеп оқушысы Аянат Өтебай «Табиғи өнімнің артықшылығы» атты жобасы аясында табиғи және консервантты сүт өнімдеріне жасаған зерттеу жұмысымен таныстырса, Даяна Бекенова «Молочная сыворотка — продукт будущего» деп аталатын ғылыми тәжірибесімен бөлісті. Ол сүт өнімінен алынатын сарысуды ішкен жағдайда адам денсаулығына өте пайдалы екенін айтты. Сондай-ақ сарысуды бет күтімі үшін де пайдалануға болатынына тоқталып, оны сақтау жолдарын түсіндіріп берді.

Ардагер ұстаздар мектеп ғимаратының 3-қабатында орналасқан тарихтан сыр шертер мектеп музейін аралап, бастауыш ардагерлер ұйымының кабинетімен танысты. Арнайы жасақталған кабинетте бас қосқан делегация мүшелеріне бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Салтанат Мадиева өз жұмысын зерделеді. Ол бүгінде аталған ұйымға жалпы саны 16 ардагердің мүше екенін, оның алтауы отбасылық жағдайға байланысты облыс орталығында тұратынын жеткізді.

Ұйым құрылған сәтте неден бастау керегін білмедік. Алайда аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлының және мектеп директоры Асел Талғатқызының қолдауымен ұйым жұмысын жүйелі етіп алдық. Бүгінде мақсатымыз айқындалды. Қазіргі уақытта бастауыш ардагерлер ұйымында 10 ардагер жұмыс жасайды. Осы жерде отырып, жас мамандарға білгенімізді үйретіп, шеберлік сағаттарын өткізіп, ұзақ жыл жинаған тәжірибемізбен бөлісеміз. Жылдың басында жұмыс жоспарымызды құрдық. Біз мектептің тыныс-тіршілігімен тығыз байланыстамыз. Жастарға әдістемелік көмегімізді бере отырып, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, мектеп бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге өз үлесімізді қосамыз, — деді ардагерұстаз Салтанат Сағынтай-қызы.

Атбасын Қандыағаш қаласына бұрған делегация аудан орталығындағы Қандыағаш өнеркәсіптікэкономикалық колледжіне барып, ішкі жұмыстарымен танысып, колледж ардагерлерімен кездесті. Биылғы жарияланған “Жұмысшы мамандықтары жылына” орай атқарылатын іс-шаралар барысына да бағдар жасады.

Колледждің мәжіліс залында бас қосқан кеңес төрағалары алдында колледж директоры Жасұлан Оразханов баяндама жасады. 80 жылға жуық тарихы бар колледжде бүгінгі таңда 256 студент 9 мамандық бойынша білім алады. Студенттерге жалпы саны 34 оқытушы білім береді.

Колледжде кадрларды даярлау 9 мамандық бойынша жүргізіледі. Биылғы оқу жылында 120 студент қабылданды. Бітіруші түлектер саны – 119. Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда. Айталық, бітірген 119 студенттің 107-сі жұмысқа орналасып, көрсеткіш 89 пайызды құрады. Колледждегі оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі – дуалдық оқыту жүйесі. Бұл дегеніміз — теорияны ұштастыра отырып, оқу орындары өздеріне серіктес тауып оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесімен 2024-2025 оқу жылында 134 студент қамтылды. Мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін фокторлардың бірі – әлеуметтік әріптестермен тиімді ынтымақтастық құру. Осы орайда колледж әкімшілігі аудан аумағындағы 12 мекемемен әлеуметтік серіктес ретінде келісімшартқа отырды. Ал білім сапасын арттыру мақсатында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясымен және Ақкемер орта мектебімен меморандумға отырып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз, — деді колледж директоры Жасұлан Оразханұлы.

Оның сөзінше, колледждің техникалық-материалдық базасы талапқа сай жабдықталған. Барлық кабинеттер мен шеберханалар оқуға қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталып, интерактивті тақта қойылған. «СНПС АқтөбеМұнайГаз» АҚ-ның қолдауымен 35 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Дәнекерлеу ісі», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану операторы», «Слесарлық іс» мамандықтарына қажетті заманауи құралдар мен 106 ноутбукпен қамтамыз етілген. Бұл студенттердің бәсекеге қабілетті болып, сапалы білім алуына мүмкіндіктер береді.

Үстел басына жиналған білім саласы ардагерлері кеңесінің мүшелері оқу бітіруші мамандардың жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы керектігін айтты. Сондай-ақ бүгінде маңызға ие жұмысшы мамандықтары иелерін оқыту барысында сапалы білім берудің қажеттігін де ескертті.

Одан кейін Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасына барған жұмыс тобы бастауыш ардагерлер ұйымының кабинетін көріп, тыныс-тіршілігімен танысты. Балабақшаның акт залында жалғасқан шараға балабақша бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері, яғни ақ жаулықты әжелер келген қонақтардың көңілін көтеріп, ән мен жырдан шашу шашып, салиқалы әңгімедүкен құрды. Балабақша меңгерушісі Жадыра Құрманбаева балабақша ардагерлерінің қатысуымен түрлі мәдени шаралардың көптеп ұйымдастырылатынын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әжелер мен аталар клубы ашылып, жүйелі жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек етті.

№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебіне бас сұққан делегация мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, мектеп ардагерлерімен кездесіп, бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысын қарады. Түрлі пән кабинеттерін аралап, оқушылармен жүздескен кеңес мүшелері мектеп жұмысына оң баға беріп, оқушыларға жылы лебіздерін арнады. Делегация іссапар барысында Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі, Темір-көпір, Сағашилі ауылдарындағы білім ордаларын да аралап, озат оқушылармен және ұстаздармен кездесті. Кеңес мүшелері Сағашилі орта мектебінде өткен бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелерімен кездесу кезінде «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ардагер-ұстаздарға арналған естелік қабырғаның ашылу салтанатына куә болды. Бұл қабырғаға мектеп тарихында елеулі еңбек етіп, ұрпаққа білім беру жолында тер төккен 50-ден астам ұлағатты ұстаздың фотосы ілініп, олар туралы қысқаша мәліметтер берілген.

Кездесу барысында сөз алған Ақтөбе облысы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжеғазы Байғазин ұстаздарға арналған естелік қабырғаның тиімді ойластырылғанын айтып, білім беру ұйымдарындағы бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысы жүйелі болуы үшін ардагерлер мектеп өміріне белсенді араласып, жас мамандармен бірлесіп, түйгендерін үйретіп, түрлі мәдени-рухани басқосуларды жиі өткізу керектігін тілге тиек етті. Бұдан кейін көшпелі отырыс №1 Қандыағаш жалпы білім беретін орта мектебінің мәжіліс залында жалғасты. Отырысқа сала ардагерлерімен қатар аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол, аудандық оқу-ағарту саласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Ринат Ашимов, Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрайымы Жұмагүл Жұмабаева қатысып, осы жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жиында алғаш болып сөз алған Ақтөбе облысы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжеғазы Байғазин облыстық ардагерлер кеңесінің құрылғанына биыл төрт жыл болғанын, содан бері облыс аумағын — дағы аудандарды аралап , аудандық білімсаласы ардагерлері кеңестерінің жұмысына бағдар жасап жүргенін жеткізді.

Осында Мұғалжар ауданы бойынша 100-ден астам білім саласының ардагерлері жиналып отыр. Біздің мақсат — сіздер секілді зейнетке шыққан ардагерлерді елеусіз қалдырмай, қоғамға белсене араласуына мүмкіндік жасау. Сіздер секілді білімді жандардың әлі де қоғам үшін жасар игі істері жетерлік. Осы орайда білім беру ұйымдарында ардагерлер саны 6-дан асқан жағдайда міндетті түрде арнайы кабинет беріліп, бастауыш ардагерлер ұйымы құрылуы керек. Ал ардагерлер кеңесі аудан деңгейінде құрылып, төраға сайланады. Сіздердің кеңестеріңізде төрағалық қызметті Ринат Ашимов атқарады. Мектеп директорлары мен білім беру бөлімінің басшысы төрағаға қажет болған жағдайда көмек беріп, жұмыс істеуіне мүмкіндік жасауы керек, — деді ол.

Одан кейін мінберге көтерілген аудандық оқу-ағарту саласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Ринат Ашимов ардагерлермен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланғаннан кейін аудан аумағындағы барлық мектептерді аралап, ардагер ұстаздармен кездестім. Мектеп директорларымен сөйлесіп, арнайы кабинеттің болуын ескерттім. Бүгінде жұмыс жүйелі атқарылуда. Аудан бойынша білім беру саласындағы ардагерлер саны – 280. Бүгінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аудан мектептерінде жалпы саны 18 бастауыш ардагерлер ұйымы ашылды. Ардагерлерді қоғамдық шараларға белсенді араластыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Ардагерлер арасында түрлі спорттық шаралар өткізіліп тұрады, — деді Ринат Абдулхайұлы.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол аудан — дағы білім беру ұйымдары туралы толыққанды мағлұмат беріп, ауданның білімсапасын арттырудағы ардагерлер кеңесінің рөліне тоқталды.

Ардагерлер кеңесі – ауданның білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған консультативік кеңесші орган. Кеңестің құрамында зейнеткер-ардагерлер білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу жөнінде кеңес беріп, білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізіп, жас мамандардың кәсібилігі мен моральдық әдептілік келбетін арттыруға және тәлімгерлік дамытуға бағытталған ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге өз көмектерін тигізуде. Біз қашанда сіздерге қарап ой түзеп, үнемі байланыста болуды басты назарға қоямыз, — деді бөлім басшысы Бахраман Қуанышұлы.

Педагогикалық еңбек ардагерлерінеқолдау көрсетужөніндегі кәсіподақ жұмысы туралы баяндама жасағанаудандықкәсіподақұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева атаулы мерекелерде білім беру саласының ардагерлері елеусіз қалмайтынын, айталық Қарттар күні, Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелерінде ардагер ұстаздарды ұлықтау мақсатында аудандық білім бө-лімі мен кә-сіподақ ұ й — ымы — ның бірлесуімен мерекелікқұттықтаулар мен сыйқұрметкөрсетіліп, бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан түрлішаралар өткізілетінін жеткізді.

2024 жылдың қазан айында Қандыағаш қалалық №3 мектепгимназиясының директоры Данагүл Дулатқызы бастаған өнерлі ұстаздарымыз бен оқушыларымыз Ақтөбе қаласындағы N1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қадірменді қарияларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жеңіс күні мерекесіне орай аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан құттықтауға ұсынылған білім беру мекемелерінде еңбек еткен тыл ардагерлерін құттықтау шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен бірге зейнеткер ұстаздарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау да үрдіске айналған, — деді ол.

Мектепте өткен кездесуде жиналған ардагерлер тарапынан түрлі сұрақтарқойылды. Айталық, зейнетке шыққан соң емдік-сауықтыру орталықтарына жолдама беру мәселесі көп қозғалды. Оны шешу жолдары да талқыланды. Шара барысында кәсіподақ ұйымы елеулі еңбек еткен екі ардагерге шипажайға демалуға жолдама беріп, жиналғандарды бір серпілдіп тастады.

Облыстан келген ұстаздар да игітілегін білдіріп, аудандық ардагерлер ұйымына алғысын айтып, жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атады

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

admin_mugalzhar

Қазақстанда дүйсенбіде 43 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.