«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен ЕО виза беруді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастады

Брюссельде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың жоғары өкілі Кая Каллас кездесті. Екі тарап ҚР азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді бастады.

«Бұл қадам гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, студенттер, ғалымдар мен кәсіби мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін арттыруға елеулі үлес қосады», – деп түсіндірді ведомстводан.

Өңіраралық ынтымақтастық тұрғысынан 2025 жылғы сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – ЕО» алғашқы саммитінде қабылданған тарихи шешім ерекше аталып өтті. Оның нәтижесінде бұл формат ресми түрде стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.

Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақтың визалық режимін жеңілдету туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Осы жылдың қаңтарында сыртқы істер министрлігінің экс-басшысы Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичпен талқылаған.

Ал наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еурокомиссия вице-президенті Кая Калласпен кездесіп, Еуропаға виза алуды жеңілдету жұмыстары басталғанын жариялады. Дереккөз: kursiv.media

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАРДА АЛАҢ БАР, ЖАН БАРМА ОҒАН АЛАҢДАР?.

admin_mugalzhar

Коронавирус: Жапонияда 3500 жолаушы кемеден шыға алмай отыр

admin_mugalzhar

ОНОМАСТИКА АХУАЛЫ ОҢАЛЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.