«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

Ақтөбеде балабақша ішінде электр тогының қысқа тұйықталуы болып, өртене бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін сағат 9:15-те Ақтөбе қаласы, Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Әсел» балабақшасынан өрт шықты. 102 нөміріне хабар түскен бойда оқиға орнына полиция жедел жеткен.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат ішінен түтін шыққанын көрген құқық қорғаушылар дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, 90 баланы эвакуациялады. Олардың барлығын автобусқа отырғызды.

«Электр тогының қысқа тұйықталуынан жан-жағы жана бастаған, бірақ жалын кең тарап кетпеді. Барлығы 130 адам эвакуацияланды. Басым бөлігі — бүлдіршіндер. Өрт сөндіру қызметінен 20-ға жуық техника мен 60 адам жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді

admin_mugalzhar

Ұлттық банк Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарады

admin_mugalzhar

19 ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛІП, 3 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.