«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаған притон табылды

Ақтөбе қаласында учаскелік инспекторлар “Саяжай” жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында әкімшілік учаскені аралау кезінде притон анықтады.

Вохр ауданындағы саяжайлардың бірінде 36 жастағы саяжай иесі өзінің таныстарын жинап, есірткі заттарын дайындаған. Полиция қызметкерлері бір келі көкнәр салынған табақ, үш шприц 10 мл, бір шприцтен (қолданылған) инені тәркіледі.

Сондай-ақ үйде 30 және 41 жастағы Ақтөбе тұрғындары болған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 302-бабы (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және сол мақсаттар үшін үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

policia.kz

Ұқсас ақпараттар

Үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдары марапатталды

admin_mugalzhar

ЖОБАЛАРҒА ДЕМЕУШІ ТАБЫЛДЫ

admin_mugalzhar

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.