«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Шаңырақ» бағдарламасымен алғаш ақтөбелік отбасы баспаналы болды

Республика бойынша «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы аясында ең алғаш болып ақтөбелік отбасы баспаналы болды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны, 4 баланың анасы Жанар Жексенбаева осыдан 11 жыл бұрын бюджеттік сала қызметкері ретінде пәтер кезегіне тұрған. Мамандығы — дәрігер. Қазіргі таңда ол бала күтімімен үйде отыр. Осылайша ол «Шаңырақ» бағдарламасы аясында жолдасы екеуі қаржы салып, үй алды.

— Zhilstroy_aktobe инстаграм парақшасына тіркеліп, жаңалықтарын үнемі қарап отырамын. Күн сайын осы парақшада тікелей эфир арқылы банк қызметкерлері кеңес беріп жатады, үйде шаруаларымды жасап жүргенде қарап, тыңдап жүретін едім. Содан бір күні «5-10-20» бағдарламасы басталды дегенді құлағым шалып, тікелей эфир арқылы сұрақ қойдым. Өтінім беру жолын қызметкерлер сол сәтте көрсетті. Эфирден соң сайт арқылы өтінім бердім. Содан смс-хабарлама келді. Кейін мамандармен кеңесіп, банкке барып, өтініш бердім. «НұрКанҚұрылыс» мекемесіне қарасты аумақтан пәтер таңдап, міне, бүгін кілтін алып, қуанып отырған жайымыз бар. Алдағы уақытта балаларымызға да депозит ашып, ақша жинау жоспарда бар, — дейді көпбалалы ана.

Айта кету керек, биыл облыста «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы бойынша 2010 жылға дейін әкімдікте пәтер кезегіне тұрған азаматтардан өтінім қабылдау 17 тамызда басталған. Облыс бойынша 500-ге жуық үміткер www.hcsbk.kz сайты арқылы өтінім берген, 43 адам құжат тапсырып, 38 адам мақұлдама алған. Қазір олар өздеріне ыңғайлы ауданнан пәтер іздеуде.

Ал 17 қыркүйектен бастап әкімдікте пәтер кезегіне 2015 жылға дейін тіркелген азаматтар  осы бағдарлама бойынша өтінім бере алады. Бағдарлама шарттарына сай, бастапқы жарна құны — 10%, несие бойынша жылдық мөлшерлеме — 5%. Баспананы бастапқы нарықтан ғана сатып алуға болады. Несиенің максималды мөлшері — 15 млн теңге.

Данагүл ҚАЗИХАН, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаған притон табылды

admin_mugalzhar

«ҚАЗТЕРМОГРУПП» МЕКЕМЕСІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.