«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Астық жинау және жем дайындау кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Астық жинау науқаны басталғанға дейін оған қатыстырылатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі қажет, аластық жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар — екі өрт сөндіргішпен, екі найзалы күректермен, екі сыпырғышпен), жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы және майлау, тұтандыру мен қоректендіру жүйесі реттелген болуы тиіс. Темір және тасжолдардың бойындағы жолақ қамасақ себуге жол берілмейді. Осы жолақта жиналған шөп шөмелелерін астық алқабынан 30 м қашықтықта орналастыру қажет. Масақты астық алқабының пісуі алдында оның топырақты және орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөліктік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 м болатын жер жырту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Астық жинау жұмысы оларды 50 га аспайтын алқаптарға бөліп бөліп жасалуы тиіс. Осындай әрбір участок арасы кеңдігі 8 метрденкемболмайтынетіп, орылып алынады. Бұл белдеулерден орылып алынған астық тездетіп әкетіледі. Орылған белдеулер ортасы 4 м етіп айдалады. Дала қостары егін алқаптарынан, қырмандардан кемінде 100 мқашықтықта болуы қажет. Дала қостары мен қырмандар айналасы, кеңдігі кемінде 4 метіпжыртылады. Аумағы 25 га асатын егін алқабы маңында өрт шыға қалғанжағдайда қолдану үшін соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет. Қырмандар егін алқабынан кемінде 100 м, үйлер мен құрылымдардан кемінде 50 м қашықтықта орналасуы тиіс. Астық жинау мен жем-шөп дайындау кезінде: 1) тракторларға, самоходтарға және автокөліктерге капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуге; 2) қозғалтқыштың радиаторындағы шаңдарды тазалау үшін дәнекер лампасын қолдануға; 3) егістік басында түнгі уақытта автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді. Қозғалтқыштың радиаторлары, битерлердің, сұрыптағыштардың, тасымалдағыштардың және сабан толтырғыштардың белдіктері, шнектер және астық жинайтын машиналардың басқа да буындары мен бөліктері уақытылы шаңнан, сабандардан және дәндерден тазартылып тұруы тиіс.

Мұғалжар ауданының ТЖБ.

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

admin_mugalzhar

АҒАРТУ ІСІНДЕ ІЗІ ҚАЛҒАН …

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.