«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САБЫНДЫКӨЛГЕ АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Сабындыкөл ауылында жалғасты.
Кездесуде аудан басшысы Сабындыкөл ауылына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнатылатынын айтты.

Ұңғыманы Сабындыкөл ауылының тұрғындарымен кездескен кезде ауыз суды алу кезінде ауылдағы барлық 24 үйге ыңғайлы болуы үшін Сабындыкөл бастауыш мектебіне қарама-қарсы жерге орналастыруға келісілді.
Ұңғыма орнатылғаннан кейін жергілікті тұрғындар арасынан 1 жауапты оператор жұмысқа қабылданатын болады.

Ұңғыманы қазу жұмыстары «Коммуналшы» кәсіпорнына аудандық бюджет есебінен алынып берілген арнайы техниканың күшімен іске асырылады.

Ұқсас ақпараттар

Ащы шындық бәріне бірдей ұнай бермейді – Президент

admin_mugalzhar

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

admin_mugalzhar

ДЕНСАУЛЫҚ: АУДАНҒА ВИЦЕ-МИНИСТР КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.