Тараз қаласында ХІ Жазғы Қазақстан оқушылар гимназиадасы аясында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Осы чемпионатта Ақтөбе облысының намысын 19 оқушы қорғады.Оның ішінде 6 оқушы (5 оқушы Қандыағаш қалалық 2 орта мектебінен, 1 оқушы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінен) Мұғалжар ауданынан қатысты.
Нәтижесінде қыздар арасында 40 келіде Жұмабай Аяулым, 45 келіде Сағидолла Жанерке, 65 келіде Казмұхамбетова ІІ орындарды, 70 келі салмақта Елемесова Айнұр ІІІ орынды иеленді.
Ұлдар арасында 75 келі салмақта Құлмағамбетов Әділет ІІ орынға, 80 келіде Серік Әлішер ІІІ орынға ие болды.
Жалпы командалық есепте Ақтөбе облысының командасы ІІ орынды иеленді.
Мұғалжарлық оқушыларды ел чемпионатына дайындап, жүлделі орындарынан көрінуіне үлес қосқан Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Самат Санаттың нәтижелі еңбегіне Алғыс білдіреміз.