«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі Ақтөбе қаласында өз мәресіне жетті.

Байқау 12 бағыт бойынша ұйымдастырылып, аудан ұстаздарының 12 бейне-сабағы анықталып, олар конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді. Олардың қатарында Бибігүл Дүйсенбаева, Баянсұлу Мұрат, Толқын Өтеулина, Айдана Тастаева, Камила Мусина, Даурен Сүйіндіков бар.

Салтанатты жиында педагогтерге дипломдар, Алғыс хаттар  және кәсіподақ ұйымдарынан шипажайға жолдама табысталды.

А.МАНАСБАЕВА

 

Ұқсас ақпараттар

176 НЫСАН «ASHYQ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ІІ ОРЫН

admin_mugalzhar

Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

admin_mugalzhar