«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Мұғалжар ауылына газ берілді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен бұл қуаныштарын бөлісуге аудан әкімі Д.Ермағанбетов арнайы барды. Салтанатты іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Б.Кадралин, Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Наурызбек Сарбасов және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылға газ берілу салтанатында сөз алған аудан әкімі ауыл тұрғындарын қуанышты сәттерімен құттықтады. Ауыл тұрғындары көгілдір отынның келуімен ауылдың қайта түлейтініне сенімді.
Мұғалжар ауылына газ құбыры 40 шақырым Ембі қаласынан тартылды. Жобаны жалпы құны 1 млрд. 800 млн теңгені құрайды.

Салтанатты іс-шарадан кейін аудан басшылығы үйлеріне көгілдір отын келген ауыл тұрғыны Елеусіз Кенжеғұловтың шаңырағында болып қуаныштарына ортақтасты. 1700-ден астам тұрғыны бар ауылда бүгінгі таңда 8 көшеге асфальт төселіп, жарық шамдарын орнату жұмыстары да жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Қосымша құн салығы: тыңғылықты талдау қажет

admin_mugalzhar

ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІ: ЖАҢА РЕГЛАМЕНТ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

admin_mugalzhar