«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Екі ауданда төтенше жағдай жарияланады

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы онлайн қосылды.

Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би  аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс.

Ұқсас ақпараттар

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

admin_mugalzhar

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

admin_mugalzhar

АУДАН МУЗЕЙІ ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar