«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Осындай тақырыппен Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ата-аналар кездесуі өтті.
Спорт мектебінің басшысы Қарасай Омаровтың төрағалығымен өткен кездесуге Мұғалжар ауданы прокуратурасының прокуроры Темірлан Сапақов, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Самат Абдиров, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мұратбек Дүйсембаев, Мұғалжар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шамшат Абдірзақов, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің директоры
Бек Байбулов, Мұғалжар аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Светлана Инисова келді.
«Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек», — деді жиын барысында сөз сөйлеген Мұғалжар ауданы прокуратурасының прокуроры Темірлан Сапақов.
Сондай-ақ Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Самат Абдиров оқушылардың түнгі мезгілде жүрмеуін қатаң қадағалау керектігін айтты. Ал Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шамшат Абдірзақов бала тәрбиесінде мектептегі мұғалімдерден бөлек, ата-аналардың да рөлі жоғары екенін айтып, «тәрбиесіз берілген білімнің адамзаттың қас жауы» екенін тағы бір еске салып өтті.
Сонымен қатар Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Светлана Инисова тарапынан зиянды әдеттердің алдын алудың жолдары ретінде дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі орындау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану, тиімді, құнарлы тамақтану, өзін-өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы сияқты кеңестер берілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан құқық бұзушылықтар, әсіресе буллинг жасау, бопсалау салдары, оның алдын алу туралы құқықтық мәлімет берілді. Кездесуде ата-аналар өз тарапынан сұрақтар қойып, пікіралмасты.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША КУРС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

1 миллионнан астам қазақстандық несие алушы «қара тізімнен» шығарылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.