Бүгінде рухани байлыққа мән бермейтін болып барамыз ба, қалай өзі?.. Сананы тұрмыс билеген заманда мұны заңдылық деп қабылдау әдетке айналғандай… Бірақ рухани кедей халықтан тұратын ел де кері кетпей ме?!. Қорқыныштысы да осы. «Алыстан арбалатпай-ақ, жақыннан дорбалатсам», біздің ауданда да бұл тақырып ақсап жатқандай…
Бұрын біздің жас кезімізде аудандық мәдениет үйінде ауданнан шыққан елге белгілі өнер адамдарымен кездесулер ұйымдастырылып, шығармашылық басқосулар өтетін. Жергілікті ақындардың поэзиялық кештеріне жарыса баратынбыз. Кітапханағабарып, кітапалу, үйреншікті жайт еді. Газет-журналға ешкім қинамай-ақ жазылатынбыз. Кинотеатрдағыидеологиясымықты киноларғабилет таппай, әуреболатынбыз. Өзіміз аспандағы қол жетпесжұлдыздайкөретінэстарда жұлдыздары келіп коцерт беріп тұратын. Тарихымызбен танысу үшін танымдық жерлерге экспедицияларұйымдастырылатын. Балаларға арналған түрлі үйірмелер мен факультативтердің саны да көп, сапасы да жоғары-тұғын. Театр кружоктарында рөльдерді сомдап, би кештерінде ұяла билеп, сабақта да белсенді болдық. Үлгі тұтар жан көп болды. Ал қазір ше?
Материалдық байлыққа жетуге деген жанталас рухани байлыққа деген мұқтаждықты ысырып тастады. Ия, мұқтаждықты. Қазір біз оған мүлдем мұқтаж емес тәріздіміз… Дұрысы, солай ойлаймыз. «Күнімізді әзер көріп жүргенде, рухани байлықты ойлайтын шамажоқ» деп отырсызау басымыңыз…
Қазір басты… жоқ құндылық емес, бастықажеттілік – олақша! Көк қағазға телмірген әлде телмірткен заманда құндылық туралы айтудың өзі күнә тәрізді. «Қалай ақша тапсам, байысам, үй алсам, машина мінсем, киім кисем, шет елге шықсам…» деп жанталасқан бір өмір, әйтеуір. Ештеңеге де, ешкімге де уақыт жоқ. Өз уақытымызды өзіміз ұрлап жатқан өмір…
«Жоға, тамақ ішпе, шетеларалама, байыма» деп отырғанжоқпын. Байыса, қазақ байысын. Бірақ материалдық байлық бірінші орынға шығып, рухани кедей болып бара жатқанымыз қорқытады. Қазір кітап оқымаймыз. Осыны оқып отырған жан, соңғы оқыған кітабыңызды атаңызшы? Есіңізгеде түсіре алмай, әуре болып кеттіңіз бе?.. «Газеттің заманы өтті, кім оқиды?» дегенді желеу етіп, жазылуды қойдық. «Жазыл» дегенді жаудай көретін халге жеттік. Фильмді де кино театрдан тек жарқ етіп, тез сөнетін, рухани берері жоқ, сөзі сараң, ойы таяз, бірақ «хит» болғаны үшін көретін болдық. Концерт қоюға келмек бүгінгі сахна жұлдыздарының билетін өткізе алмай жүрген мәдениет саласының мамандарын аяймын кейде. Жүректен шығып, жүрекке жетер ән тыңдауға уақыт та, құлық та таппағанымызға ұялыпта кетемін. Тарихты білсек, барын сақтап қалсақ деген ниеттен ада болдық. Бар болар ондай жандар, бірақ олар тым аз. Өз елінің тарихы түгілі, туған жерінің өткенін, ататегінің кешегісінен бейхабар ұрпақ өсіп келеді…
Рухан кедейленіп барамыз. Әлде, ендігі кедейленіп кеттік пе?.. Бірдеңені өзгерткім-ақ келеді. Бар даусыммен айқайлап, назарды өзіме аударып, қоғам қасіретін дауыстап айтайын-ақ деймін. Бірақ сол баяғы «жалғыздың үні шықпас» деген тәмсіл еске түсе береді. «Қазір заман басқа, білім алуға, оқуға, үйренуге мүмкіндік көп» деуді әдетке айналдырдық. Мұны жоққа шығаруға да болмас, әрине. Деседе сол білімнің өзін тек қана материалдық байлық үшін алып, соған ғана жұмсап жатқан жоқпыз ба?! Сөзімнің басында айтып едім ғой, біздің ауданда да рухани баюға, дамуға, ең болмаса соған алғышарт жасау мақсатында қолға алынып жатқан жұмыс жоқтың қасы деп. Ең болмаса, барынша жастарға тәлім тәрбие берер, тарихты танытар, өткенді еске түсірер, батырды ұлықтар, барды бағалар құндылықтарды жазуға, көрсетуге, назар аудартуға тырысып жүрген осы аудандық газет арқылы мен де жоғарыға ойымды жеткізсемдепниететтім. Бәлкім, естір құлақ естіп те қалар…
Жансая САЯНОВА