«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық ауылына көгілдір отын берілді.

Салтанатты іс-шараға Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Аудан басшысы Жарық ауылына газ тарту жұмыстары Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың елді мекендерді газдандыруға арналған жоспарына сәйкес жүзеге асырылғандығын жеткізді.

Аудан басшысы мен облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы көгілдір отын келген ауыл тұрғыны Асановтар отбасының шаңырағында болып, қуаныштарына ортақтасты.

556 тұрғыны, 100 үйі бар Жарық ауылының тұрғындары көгілдір отынның келуіне атсалысқан азаматтарға алғыстарын жеткізді. Жарық ауылына газ тарту жұмыстарын «А.Т.Е. – Жол » ЖШС-і жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

338 оқушының талабы

admin_mugalzhar

Ақтөбеде еліміздегі алғашқы өрт сөндіру жеңдерін шығаратын зауыт ашылды

admin_mugalzhar

ҰБТ форматы мен сұрақтар мазмұны өзгеретін болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.