«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІК ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 24 ақпанда сағат 02:20 шамасында Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылы маңында қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына Ембі қаласының өрт сөндіру бекеті қызметкерлері жедел түрде аттанып, Л-200 автокөлігімен 3 адамнан құралған жеке құрам барған. Қар құрсауында қалған жолаушы өзінің тұрған жерін карта арқылы (геолокация) жолдап, көліктің Ембі қаласынан шамамен 55–60 шақырым қашықтықта екені анықталды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар «Subaru Forester» автокөлігінің қалың қарға батып қалғанын анықтады. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлік қар құрсауынан шығарылып, әрі қарай жолын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ТЫҢ ТАҚЫРЫПТАР САРАЛАНАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында қанша күн тіркеусіз жүре алады?

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.