«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОЙЫНА ЖИҒАН ӨНЕРДІ АЙГҮЛДІ БӘРІ БІЛЕДІ

Айгүл Балгаринаны мұғалжарлықтар алдымен дауысы арқылы таниды. Себебі ауданда, әсіресе орталықта өткізілген шаралардың басымын жүргізіп, көпшілікті өзінің сыңғырлаған даусымен баурайтыны бар. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай осы салада еңбек етіп жүрген кейіпкер іздегенімізде есімізге Айгүлдің түсуі де заңдылық еді. Сонымен шығармашылықты жаны сүйетін, өнер десе, ішкен асын жерге қоятын Айгүлмен әңгімеміз де әрине, мәдениет саласының қиындығы мен қызығы туралы өрбіді.

Өнердегі шығармашылық өмірі 2009 жылдан басталған Айгүл 15 жылға жақын уақыттан бері бір жерде тұрақты қызмет етіп келеді.

— Осы ауданда Құмжарған деген кішкентай ғана ауыл бар. Сол ауылда туып-өстім. Оқу бі-тіргеннен кейін Құмжарған ауылдық округі өнерпаздарымен аудан орталығына мәдениет күн-деріне келдік. Сол концертте менің ән айтқанымды мәдениет үйінде-гі апайларым көріп, мені жұмысқа шақырды. Содан бері аудандық мәдениет үйіндемін, — дейді ол.

Айгүлдің алғашқы мамандығы – экономист. Бі-рақ шығармашылық адамы есеп әлеміне кірігіп кетуді балалық арманына жасалған қиянаттай көріп, бір оқуды бітіре сала, қайтадан екінші оқуға түсіп, мәдениет саласы бойынша білім алып, «мәдени тынығу жұмысы» мамандығын алып шығады.

— Мен кішкентай кезімнен бастап ән айттым. Мектеп қабырғасында, университетте оқып жүргенде де әннен қол үзбедім. Десе де, ата-анамның қалауымен мүлдем кереғар саланың оқуына бардым. Бірақ жаным қалап тұрғасын болар бәлкім, өмірдің өзі сүйікті шығармашылығыма алып келді. Өнер-дің қай саласы да үлкен табандылық пен қажырлы еңбекті талап етеді. Қанша қиындығы болса да, мен осы жолға келгеніме қуанбасам, өкінбей-мін, — дейді кейіпкеріміз.

Бір қызығы, қыздарының экономист болғанын қалаған отбасы мүшелерінің қай-қайсысы да өнерлі болып шықты.

— Бауырларымның бәрі өнерлі, шетінен ән айтады. Өзімнен кейінгі сіңілім Айзада Балгарина аудандық шығармашылық орталығында жұмыс жасайды. Дарынды балаларды өнерге баулып жүр. Кеше ғана Алматы қаласынан шәкірттері жүлдемен оралды, — деп сіңлісінің жетістігіне қуанған Айгүл одан кейінгі мұғалім болып қызмет ететін сіңлісі мен інісінің де өнерден қаражаяу емес екенін жеткізді.

Мәдениет саласында еңбек ету анау айтқандай оңай емес. Оның да қайталанбас қызықты сәттерімен қоса, сабырлылықты, табандылықты, тез шешім қабылдауды талап ететін сәттері болады. Бірақ жастайынан өнерге іңкәр көзбен қарап, өмірге құл-шындырған «мәдениет саласында қызмет етсем» деген арманына қолы жеткен Айгүл Романқызы бар жан-тәнімен жұмысын жақсы көреді екен. Оны біз де әңгіме барысындағы әр сөзінен байқадық.

— Менің негізгі жұмысым — мерекелік шараларды жүргізу. Одан бөлек, ән айтам, халықтық театрдың әртісімін, хор ұжымының мүшесімін. Жұмысым жақсы, өзіме ұнайды. Негізінен мәдениет үйінің қызметкерлері жан-жақты болу керек деп есептеймін. Аудан мәдениетінің тарихы терең, та-лай тарландарды түлеп ұшырды. Бұл жердің мәдениет саласында мықты мамандар, мәдениетті шексіз сүйетін дарын иелері қызмет етті. Әр-түрлі бағытта жұмыс жасап, мәдени саланың мүмкіндігін кеңейтті. Ал бүгінде біз «болмасаң да, ұқсап бақ» деген қағидамен барынша осы саланың дамуы жолында ең-бектеніп жүрміз, — деп бөлісті ойларымен өнерлі жан.

Әр еңбектің бағалана бермейтіні рас. Айгүл де о бастан абыроймен еңбек етуді мақсат етіп, атаққа ұмтылмау қажет деп санайды. Дегенмен еңбегі еленіп жатса, әркімнің де қуанары анық.

— Ең алғашқы марапатымды 2016 жылы аудан әкімінен алған едім. Одан өзге ірілі-ұсақты бірнеше марапаттарым бар. Дейтұрғанме, оның бәрі көрермендер ықыласынан артық емес. Әрбір шығармашылығымызды көрермен үлкен ризашылықпен қабылдаса, біз үшін одан өзге марапат жоқ! Осы жылдар желісінде аудандық мәдениет үйінде талай сахналық көріністер, драмалық қойылымдар көрерменге жол тартты. Әр қойылымға көпшілік өз бағасын беріп жатады. «Рухани демалдық, қызметтеріңізге рақмет» деп арнайылап алғысын айтқан адамдарды көргенде, жанданамыз, балаша мәз боламыз. Мәдениет саласында жұмыс жасайтын әрбір жанның естігісі келетіні де осы. Тек қойылым емес, ауданның бүкіл шарасын ұйымдастырушы ұжымның көтерген жүгі ауыр. Халықтың рухани талабын қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, халыққа жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсету мақсатын ұстанатын ұжым өркениет көшінен қалмай, аудан халқын мәдени шараларымен сусындатып келеді,-деді ол.

Әңгіме арасында Айгүл Балгаринадан басынан өткен қызықты оқиғамен бөлісуді сұрадық. Қызықты сәтер есіне түсіп кетті, білем, алдымен жымиып күліп алды.

— Бір таныс қыз болатын. Көргенде сәлемдесеміз болды, артық әнгі-меміз жоқ.  Сол қыз бір күні менің қоғамдық көлікке отырғанымды көріп, «мяя, Айгүл де Газельге міне ме» деп таң қалғаны бар. ғой. Мені ауданның «звездасы» деп ойласа керек. Сол қыз бергі жылдары біздің мәдениет үйіне жұмысқа орналасты. Сол кезде осы әң-гімені айтып күлдірткен бәрімізді, — деп еске алды.

11 жылдан бері аяулы жар болып жүрген оның жолдасы Ұлан теміржолда жұмыс жасайды. Ал жұмыстан бөлек кейіпкеріміз бос уақытында психология тақырыбындағы кітаптарды оқығанды ұнатады.

— Қыстың аязында, шілденің ыстығында күн демей, түн демей жұмыста жүретін мәдениет қызметкерлері қашан да жоғары құрметке лайықты деп анық айта аламын. Мәдени ортада жұ-мыс жасап жүрген әрбір адам қоғамның рухани жетімсіремеуіне жауапты. Өмірде бұл сала қарапайым әрі жеңіл болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл саладаның қиындығын осы жерде жүрген жандар ғана біледі. Күні кеше ғана біздің кәсіби мерекеміз өтті. Осы сәтті пайдаланып, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мерекелерімен құттықтаймын. Еңбекте жемісті болып, аудан мәдениетінің дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер деп тілегім келеді, — деп сөзін аяқтады өнер адамы.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Күзде ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамын ұсынды

admin_mugalzhar

Екі ауданда төтенше жағдай жарияланады

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ ӘСКЕРИ КҮШІ ЖАҒЫНАН РЕЙТИНГТЕ ҚАЙ ОРЫНДА ТҰР?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.