Қазақстан мектептерінде 16 наурыз – 5 сәуір аралығында каникул болады

0
177

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз – 5 сәуір аралығы – каникул, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“ДДСҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізілмейді. Сауда орындарында, вокзалдарда санитарлық талаптар күшейеді. Орта білім беру мектептерінде 16 наурыз – 5 сәуір аралығы каникул”, – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

“ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс”, – деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. “Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік”, – делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.