«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Күнжамал ТЕМІРБАЕВА: 40 ЖЫЛЫМДЫ АРНАҒАН ШАҢЫРАҚ

— Баспаханаға мектеп бітірген жылы 18 жасымда келіппін. Содан бері өмірімнің басымы осында өтті. Ол кезде редакция мен баспахана бір ғимаратта отырды. Баспаханада әріп теруші-ленотипист болып жүріп, 2000 жылы редакцияға ауыстым. Бұл жерде алдымен теруші, кейін корректор болып жұмыс істедім. Қиын уақыттар болды. Газеттің қолмен терілген уақытынан бастап, компьютерде басылған кезеңге дейінгі өмірі көз алдымда өтті. Қаншама адаммен әріптес, құрбы, дос болдым. Әрқайсысы өмірлік жылнамамда өзіндік ерекшелігімен жазылып қалды десем де болады. Бүгінде сол сәттер сағынышпен еске алар, санада сарғаймайтын естелікке айналды. Бойжеткен шағымда келіп, зейнеткерлікке дейінгі 40 жылым өткен шаңырақ мен үшін әрине, ыстық, орны ерекше Бүгінде де газетпен байланысымыз үзілген емес. Әлі күнге дейін ұмытпай, мерекелерде елеп-ескеріп, былайғы өмірде хабарласып, қал-жағдайымызды біліп тұратын бүгінгі «мұғалжарлықтарға» алғысым шексіз. Кәсіби мерекелері қарсаңында шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, тұрақты оқырман, еңбектеріне жеміс тілеймін!

 

Ұқсас ақпараттар

Айнұр СИДАҒҰЛОВА, 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері: ӘР БАЛА ӨЗ НЕСІБЕСІМЕН ТУАДЫ

admin_mugalzhar

ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҚАШАН ДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

СПАС ОТ НЕМИНУЕМОЙ СМЕРТИ ШЕСТЬ ЧЕЛОВЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.